Алматыда тау бөктерінің бір бөлігі опырылып түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының таулы ауданында көшкін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында, «Тау-күні» оқу-сауықтыру кешенінің аумағында топырақ көшкіні жүрді. 7200 текше метр толпырақ пен тау жынысы өзен арнасын бөгемей, Кіші Алматы каналына түсті. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

«Көшкін 14-15 сәуірде жауаған жаңбырдың салдарынан болды. «Қазселқорғау» РМҚК мәліметінше, көшкін қаупі әлі де сақталады. Кешен аумағында орналасқан спорт зал, бассейн және ғимараттар қирауы мүмкін», - деп хабарлайды қалалық ТЖД.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қайта көшкін болуы ықтимал учаскелерді анықтады. Сол аумақтың айналасы жолақ лентамен қоршалды. Сондай-ақ, мекеме иесіне қауіпті аймаққа адамдарды жібермеуге және ғимараттарға кіруге шектеу қою туралы хабарлама жіберілді.


Жалпы Алматы аумағында 41 қауіпті учаске бар. Өткен жылы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне, қаладағы қауіпті аудандарды құжаттандыру үшін бюджеттен 35 миллион теңге бөлінді. Қазір сол жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы наурыз айынан бастап Медеу және Бостандық аудандарында жалпы көлемі 7 220 текше метр 4 көшкін тіркелді: «Юбилейный» шағын ауданындағы Сұлусай тас жолында (көлемі 15 текше метр); Курортная көшесі, 75 (көлемі 3 текше метр); Бостандық ауданындағы МЖұмабаев көшесі 21-үй (көлемі 2 текше метр); «Тау-күні» оқу-сауықтыру кешенінің аумағында (көлемі 7 200 текше метр).

Мамандардың айтуынша, көшкінің басты себебі – нөсер жауын салдарынан топырақтың ылғалдануы, су құбырлары мен септиктердің жарылуынан болады.



Соңғы жаңалықтар