+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда тау бөктеріне 16 см қар түсті

2021 жылғы 22 қазан 15:33
Бөлісіңіз:
Алматыда тау бөктеріне 16 см қар түсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жауған жауынның арты қарға ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Желтоқсан айында Қазақстанда ауа райы қандай болады Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды 30 қараша күнгі ауа райы болжамы

Кеше түнгі 22.00-де басталған жауын-шашынның арты қарға ұласты. Таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 16 см, ал қалаға 10 см қар түсті.

Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін тау бөктері мен таулы аудандарда мұз ерітетін ұнтақ себілді, жауған қар сыпырылды.

Қалада сілбі қардан құлаған бұтақтарды жинау жұмысы жүріп жатыр.

Тазарту жұмысына 537 техника, оның ішінде 117 құмлақтырғыш пен 1073 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмысын бақылайтын кезекшілік тәулік бойына ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша 23 қазанға қараған түннің бірінші жартысына дейін жауын-шашын сақталады.

Бүгін күндіз ауа температурасы: + 2 +4 градус, түнде -1, -3.

Ертең күндіз +8 +10 градус жылы болады


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT