ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Алматыда тау бөктерінде салынып жатқан үйлердің құрылысы тоқтатылды - Ерболат Досаев

2022 жылғы 29 қыркүйек, 12:55
Алматыда тау бөктерінде салынып жатқан үйлердің құрылысы тоқтатылды - Ерболат Досаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ерболат Досаев «Каменское плато» обсерваториясының аумағында алма ағаштары оталып, орнына заңсыз салынып жатқан құрылыс туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімімен кездесуде Медеу ауданының тұрғыны әкімнен заңсыз салынып жатқан құрылысқа тыйым салуын сұрады.

«2014 жылы «Каменское плато» аймағындағы Ж1-ге заңсыз берілген соны Р1-ге қайтару қажет. Осы уақыт ішінде құрылыс салушы көптеген гектар алма бағын кесіп тастады, көшкін жүрді. Қазір заңсыз құрылыс жүріп жатыр, жеке тұрғын үйдің орнына көп пәтерлі тұрғын үйлер салына бастады. Бұл аумақта су да, кәріз де жоқ. Сізден көмек сұраймыз», - деді ол.

Қала әкімі аталған мекенжайдағы алма бақтарын кесу жағдайы бойынша қалалық прокуратура экология және қоршаған ортаны қорғау департаментімен бірлесіп жұмыстар жүргізгенін жеткізді. Заңсыз құрылыстың тоқтатылғанын айтты.

«Көптеген жоба бойынша біз құрылысты тоқтаттық, процестерді аяқтау үшін сотқа тиісті шағымдар мен арыздар бердік. Бұл 2014 жылы Алматы облысы Талғар ауданынан қалаға жаңа аумақтар қосылған кезде болған. Дәл осындай жағдай басқа аудандарда да бар, олар Р1-ден Ж1-ге ауыстырылған. Жеке үйлерге рұқсаты жоқ сол заңсыз құрылысты тоқтаттық. Оны бастапқы аумаққа қайтару оңай емес. Сол жылдары берілген жер телімдерінің саны мыңдаған», - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, әкім көшкін қаупі жоғары аймақтарға қосымша зерттеу жүргізілетінін айтты. Жұмыс ерекше бақылауда.

Еске салсақ, Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салынған болатын.


Теги:
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar