Алматыда тау бөктері өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы тау баурайында қураған ағаштар өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының ТЖД мәліметінше, 5 қыркүйекте сағат 16:05-те Медеу ауданында қураған ағаштар өртенгені туралы ақпарат келіп түскен.

«Оқиға орнына 25 адам, 5 бірлік техника жіберілді. Тау бөктеріндегі өрттің жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі туындады»,-деді департаменттен.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт ошағы 1,5 гектарды шарпыған.

Еске салсақ, жуырда Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп, жалынның жанармай құю станциясына таралу қаупі туындаған еді.



Соңғы жаңалықтар