Алматыда тасымалдаушы компанияның жабылуы туралы ақпарат жоққа шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Тұлпар-ЦДС» тасымалдау компаниясының директоры Асылбек Мұхамбетәлиев компанияның жұмысы тоқтатылды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Компания жабылмайды. «Оңай» жүйесі шыққанда, ең алғаш қолдаған да өзіміз болатын. Ақшасыз есеп айырысу жүйесін толығымен қолдаймыз. Бухгалтериямыздың қалай жұмыс істеп жатқанын көпшілік көргені дұрыс. Біз тек өз қалтамызды ғана ойламаймыз», - деді А.Мұхамбетәлиев. Айта кету керек, кеше бірнеше БАҚ «Тұлпар-ЦДС» автобус паркі элекnронды билеттендіру жүйесінің енгізілуіне байланысты жабылады деген ақпарат таратқан болатын. Алматыда қоғамдық көлікте элеткронды билеттендіру жүйесін енгізу толығымен 2016 жылдың 11 қаңтарында аяқталатын болады.

Соңғы жаңалықтар