Алматыда тасыған өзен суы жол шетіндегі ғимаратты алып кете жаздады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қаскелең өзені суы арнасынан асып, жол шетіндегі ТҚО ғимаратын алып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай туралы «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі хабарлады.

«Бүгін түскі 15:55 шамасында Алматы-Бішкек тас жолының 18 шақырымында төтенше жағдай болды. Суы қатып қалған Қаскелең өзені қайта жіби бастады. Түбінде қалың мұз қатып қалғандықтан,  өзен суы арнасынан тасып, жол шетіндегі ТҚО ғимаратын басып қала жаздады»,- деді мекемеден.

Қарасай аудандық өндірістік эксплуатациялық бөлімінің күшімен өзен арнасы бұрылды.

«Кешкі 17:15 шамасында өзен арнасында қалыңдығы 50 см, ұзындығы 12 метрге созылған, жалпақтығы 60 см мұз ойылды, өзен суы кедергісіз ағып жатыр», - деді «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінен.

Қазір төтенше жағдайды аталған бөлім қызметкерлері бақылауда ұстап отыр.

Соңғы жаңалықтар