Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залал сомасы 128 млрд теңгеден асты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залал сомасы 128 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы келтірілген залал сомасы 128 млрд теңгеден асады. Оның ішінде бизнестің шығындары 86 млрд теңге, әкімшілік ғимараттардың шығыны 22,6 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, 223 бірлік техника мөлшеріндегі жылжымалы мүлік шығындары 1,9 млрд теңге сомасында бағаланады (жеке автомобильдер бойынша бағалау жүргізіледі), «Almaty Bike» велопрокаттар станциясының шығындары 376,5 млн теңге. Материалдық-техникалық базаның шығындары 16,7 млрд теңге. Зардап шеккен қызметкерлерге төленетін өтемақы төлемі 490 млн теңге болды.

Үкімет комиссиясы шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу механизмін әзірлеуде, ол бүгінде орталық мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде тұр және жақын арада жарияланатын болады.

Бизнеске келтірілген залалды өтеу жөніндегі алдын ала жасалған механизмдермен және тәсілдермен мына сілтеме бойынша танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар