Алматыда тәртібі нашар жасөспірімдерді тәрбиелеу мектебінен ши шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған тәртібі нашар жасөспірімдерге арналған арнайы мектептің 9 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық Прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жақында прокуратура қызметкерлері мектептің жұмысын тексерген болатын. Тексеру барысында мектептен бірнеше жасөспірім қашып шығып, топтық қылмыс жасауға қатысқандығы анықталды. Сонымен қатар, прокуратура қызметкерлері арнайы мектепте денсаулық сақтау, еңбек және өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды орындауда бірқатар заңбұзушылықтар орын алғандығын айтып отыр. «Былтыр кәмелеттік жасқа толмаған бір тәрбиеленуші 4 рет қашып, Талдықорған қаласында тонаушылық қылмысқа қатысқан. Мектеп әкімшілігі құқық қорғау органдарын балалардың қашқаны жайлы дер кезінде құлақтандырмаған. Сол арқылы олар қоғамдық қауіпсіздікке үлкен қатер тудырды», - деді прокуратура қызметкерлері. Олардың айтуынша, мектеп басшылығы аймағында жасөспірімдерді оқшаулауға көмектесетін қоршаудың беріктігіне де назар аудармаған. «Тексеру барысында анықталған осы және өзге де заңбұзушылықтар үшін арнайы мектептің 9 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп қорытындылады құзырлы орган өкілдері.

Соңғы жаңалықтар