+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда тапа-тал түсте жас қызды тонап кеткен жігіт ұсталды

2021 жылғы 10 маусым 19:12
Бөлісіңіз:
Алматыда тапа-тал түсте жас қызды тонап кеткен жігіт ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тапа-тал түсте жас қыздың ұялы телефонын тартып алған жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда педофил 20 жылға сотталды Павлодарда үш бала мен анасының жұмбақ өліміне қатысты мәлімет шықты Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адам мерт болды

«Бұрын хабарлағанымыздай бұл қылмысты ашу үшін тергеу-жедел тобы құрылған болатын. Біз шабуылдаушының кім екенін тез анықтадық, алайда оны ұстау үшін біраз уақыт қажет болды. Бүгін қалалық криминалдық полицияның көмегімен ұстадық. Ол - 2003 жылы туған К. есімді тұрғын. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, ұялы телефонды сатып жібергенін айтты. Қазіргі уақытта, заттай айғақтың қайда екенін анықтау бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 191 бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салайық, көшенің ортасында қызды тонап кеткен ер адам видеоға түсіп қалған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT