Алматыда «Таңжарық оқулары» өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жоғары оқу орындары арасында «Осы таң кімнің таңы» атты Таңжарық оқулары өтті.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен дәстүрлі шараға «Халықаралық Таңжарық зерттеу қоғамдық қорының» төрағасы, жазушы Тұрсынәлі Рыскелдиев, филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Темірхан Тебегенов, зерттеуші, Таңжарықтанушы Тілеужан Сақаловтың жары Бөпен Жексебаева, Таңжарықтың немересі Сайра Нұржігітқызы арнайы қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

«Таңжарық оқуларына» 4 жоғары оқу орнынан 16 студент қатысты.

Ұлт қайраткерінің тағдыр жолы мен өшпес мұрасын насихаттау мақсатында өткізілген «Таңжарық оқуларының» жеңімпазы ретінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2 курс студенті Айжан Мелдебек танылды. 1-орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2-курс студенті Салтанат Анәпияеваға, 2-орын - Ақгүл Айдарбековаға, 3-орын Қамажай Еркебаеваға бұйырды. Сонымен қатар, таңжарықтанушы Тілеухан Сақалов және ақындар Ақыт Үрімжіұлы, Асылхан Мыңжасарұлы атындағы арнайы жүлделер табыс етілді. Ал, қалған студенттер сертификаттармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар