Алматыда танысының көзін шұқып өлтірген адам 10 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-ші тармағы бойынша (кісі өлтіру) сотқа берілген М. -ға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Сотта анықталғандай, 2015 жылы 29 желтоқсанда ішімдік ішіп алған жәбірленуші Р. сотталушы М.-нің жалға алған пәтеріне ішімдік алып келеді. Осыған байланысты, екеуінің арасында жанжал туындайды. Сол жанжал барысында М. екі саусағымен қатты ұрып, жәбірленушінің көзін шұқып алады. Кейін, қолымен және аяғымен ұрады. Бұдан соң, темір құбырмен соққының астына алады. Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза табады. Қылмысынан кейін М. есікті жауып, оқиға орнынан бой тасалаған.


Сот үкімімен М. ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-ші тармағына сәйкес, 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол енді жазасын ерекше режімдегі түзету колониясында өтейтін болады.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар