Алматыда танымал субұрқақ қалпына келтірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен туристік әлеуетті дамыту барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев Instagram -дағы парақшасында скверлерді реконструкциялау, қонақүй салу және тау туризмі үшін жайлы жағдай жасау туралы жазды.

«Неделька» субұрқағы және Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры алдындағы алаңды жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын. Мұндағы басты міндет – тарихи сәулет ансамблін сақтай отырып, маңайды қалпына келтіру еді. Ол үшін шамдар, субұрқақ аркалары мен «абажур», айналасындағы плита қалпына келтірілді. Барлығы сол кезде түсірілген суреттегідей. Кіре-берістегі жойылған субұрқақ қалпына келтірілді. Жаңа келбетке ие болған кеңістік қала тұрғындарының көңілінен шығатынына күмәнім жоқ. Сонау 60-70 жылдардағы Алматының атмосферасын еске түсіреді», - деп атап өтті әкім.

Негізі 2005 жылы қаланған Тұңғыш Президент қорының жанындағы скверді қайта құру жалғасуда. 80 орындық, қоқыс жәшігі және тұрғындардың өтінішімен санитарлық-гигиеналық торап орнатылады. Балаларға арналған ойын және спорт алаңын құру жоспарда бар.

Сыртқы жарық жүйесін жүргізу үшін 4 шақырым кабель төселіп, 147 шам орнатылады. Автоматты суару жүйесі үшін 5 шақырым құбыр ауыстырылып, суаруға арналған екі бөшке салынады.

«Жаңа жайлы орын Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының алдындағы алаң болады, онда жасыл қорды жаңарту, жол жамылғысы, орындықтар, жарықтандыру жұмыстары да аяқталуда, біз субұрқақты қалпына келтіреміз», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, Үлкен Алматы өзені - әл-Фараби даңғылындағы көпір кеңістігі өзгертіледі, онда көшеде тамақтанатын орын мен дала кинотеатры ұйымдастырылады. Өзенде жасанды сарқырама мен көру алаңы салынды. Пандустардың арқасында бұл орын мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді боламақ.

Бақытжан Сағынтаев №128 мектептің спорттық инфрақұрылымын модернизациялау барысын көрді. Мұнда қазіргі заманғы ашық спорт алаңдарынан өзге, жыл бойы қолжетімді жабық футбол алаңы салынып жатыр.

Алматы әкімі жаңа Holiday Inn Express қонақ үйі мен демалушылар мен туристерге жайлы жағдай жасалған Аюсай визит орталығының инфрақұрылымын тексерді.


Соңғы жаңалықтар