Алматыда танымал адамдардың қатысуымен болған кеш тексеріліп жатыр - департамент

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Карантин кезінде Алматыдағы Ritz Carlton қонақ үйінде Damiani брендінің кеші өтті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желіде тараған бейнежазбадан кешке арналған сәнді киім киген қонақтарды көруге болады. Кештің басты қонағы Damiani Group вице -президенті Джорджио Дамиани болды.

Алматы қаласы Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жұмыстарын бастады.
«Бостандық ауданының мониторинг тобы әлеуметтік желілерде жарияланған материалдардың негізінде карантин шектеу талаптарын бұзушыларды әкімшілік жауапқа тарту үшін тиісті шаралар қабылдауда», - деді Алматы қалалық санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов.


Соңғы жаңалықтар