+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Алматыда таксист туристі әуежайдан қалаға дейін 33 мың теңгеге апарған

2019 жылғы 11 шілде 15:59
Бөлісіңіз:
Алматыда таксист туристі әуежайдан қалаға дейін 33 мың теңгеге апарған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық таксист туристі әуежайдан қалаға дейін 33 мың теңгеге апарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қаладағы хостелдердің бірінің иесі Шәкір Исламбакиев әлеуметтік желіде жазды

Шәкірдің айтуынша, таксистер 2000 теңге деп келіседі де, келген соң әр шақырымы 2000 теңге деп шығады екен.

Шетелдіктер проблема тудырмас үшін төлейтін көрінеді.

«Егер таксистер бірден қымбат бағаны айтса түсінер едім. Бұлай алдау шектен шыққандық қой. Қонақ кетіп қалған. Бірақ, жағымсыз әсермен кеткені рас», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл бірінші жағдай емес.

«4 жыл бойы мен осы туралы айтып келемін. Бірнеше рет тексеру ұйымдастырылды. Бірақ, баяғы жартас сол жартас. Алматыда универсиада болған кезде таксистерді әуежайдан қуып шықты емес пе? Бәрін жасауға болады тек оған ынта болса», - деді Шәкір.

Алматы әуежайы аталған оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Әуежайға келген жеңіл көлік жүргізушілеріне кіруге тыйым салуға құқығымыз жоқ. Себебі бұл қоғамдық территория. Жүргізушілердің тұрақ төлемі болса болды, олар кіре береді. Ал кей таксистер жолаушылардың мазасын алса, жолаушылар арыздануға құқылы. Бірақ көпшілігі арыз жазбайды. Сосын мәселе құқықтық деңгейде көтерілмейді»,- делінген Алматы әуежайының ресми жауабында.

Олардың айтуынша, әуежайда арнайы ресми такси қызметі жұмыс жасайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT