Алматыда такси жүргізушісі мен жолаушы жаға жыртысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Сайран автобекеті маңында такси жүргізушісі мен жолаушы жанжалдасып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде таралды. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, такси жүргізушісі мен жолаушы жолақысына қатысты келіспей қалған.

Сөз таластың арты төбелеске ұласқан. Алайда полицияға ешкім жүгінбеген.

«Учаскелік инспектор сол кезде дау туған жерде болған. Дау екеудің жолақы көлеміне байланысты шықты. Төбелестен соң екеуі де аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір учаскелік инспектор материал жинап жатыр. Содан соң екеуінің іс әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деді қалалық ПД-ның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетсек, мұның алдында алматылық жүргізушілердің төбелесі туралы жазған болатынбыз. Олар жанармай құю бекетінде кезекке таласып қалған.



Соңғы жаңалықтар