Алматыда тағы қай көшелер жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі екі көшенің жабық болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бүгін түнгі 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін Жандосов көшесі жабылады.

«Жандосов көшесінде жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Науаи көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады» делінген әкімдіктің хабарламасында.

Таңертеңнен бері Назарбаев даңғылының Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігі жабық. Жол жөндеу жұмыстары таңғы 06:00-ге дейін жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар