Алматыда тағы екі бағдардың автобустары жаңарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлікті реформалау аясында екі бағдардың автобустары жаңарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыс сапары кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек №65 бағдарды жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді.

«Авто Алма Транс» ЖШС төмен еденді сыйымдылығы жоғары 20 автобус алған. Олардың барлығы кондиционерлермен жабдықталған және Еуро-5 экологиялық стандартына сай. Сондай-ақ барлық бағдардың жүргізушілері бірыңғай жаңа форма киген. Ал №65 бағдардағы автобустар 2017 жылы жаңартылған еді. Олар енді Думан мен Қарағайлы елді мекендеріне қатынайтын №4 бағдарды жаңартуға жіберіледі.

Алматы әкімі автобус жүргізушілерінен қанша жалақы алатындықтары мен жұмыс жағдайлары туралы сұрады. Автопарк жүргізушілері орташа есеппен 160 мың теңгеден 200 мыңға дейін алатындықтарын жеткізді. null

«Қала қоғамдық көлік үшін едәуір көлемде субсидия бөлуде, автобус парктері жаңаруда, бірақ көп нәрсе жүргізушілерге байланысты. Адам тасымалдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Текке бос отырмаңдар, жұмыстан қашпаңдар, біз сендерге қолдау білдіреміз», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, Алматыда көлік реформасы аясында 2018 жылы қала бағыттары бойынша 500 жаңа автобустар жүре бастады. Биыл да қаланың автобус паркін жаңарту жалғасады. Бұдан өзге «Алматыэлектротранс» ЖШС қаржысы есебінен газбен жүретін тағы 200 жаңа автобус алынады.

Соңғы жаңалықтар