Алматыда тағы да жылу құбыры жарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жылу құбыры жарылды. Автокөліктер зақымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай Райымбек даңғылы бойында орналасқан «Максима» сауда үйінің жанында орын алды.

«Қазір жағдай бақылауға алынды. Бұл - 1997 жылы салынған ескі құбыр. 22 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Онда халық аз орналасқан. Жарақат алғандар жоқ. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Автотұрақтағы көліктер зақымданды. Көлік иелеріне «Алматы жылу желілері» мекемесі заңға сәйкес өтемақы төлейді», - деді Алматы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының өкілі Ян Гирин

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыда жылу құбыры жарылып, көшелерді ыстық су басқан болатын. Кейін Алматы әкімдігі жылу желісінің жарылу себебін түсіндірді.

Сондай-ақ, әкімдік жарылған жылу құбыры қашан жөнделетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар