Алматыда тағы да жол апаты: ер адам қаза болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қонаев пен Мәметова көшелерінің қиылысында тағы да жол апаты орын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне оқиғаға куә болған «Сәт» бизнес орталығындағы компаниялардың бірінде қызмет ететін Иван Корнеев хабарлады.

Таңертеңгі 11-де Қонаев көшесімен оңтүстік бағытқа бет алған Мерседес көлігі ер адамды қағып кеткен. Ол кісі дәрігерлер келгенше қаза болды.

Оқиғаға куә болған Иван Корнеевтің айтуынша, ер адам өтуге тыйым салынған жерден жүгіріп шыққан. Қазір оқиға орнында Жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Әзірге қалалық ІІД болған оқиғаға түсініктеме бермеді.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы қиылыста «Фольксваген» мен «Дэу» көлігінің соқтығысуынан 21 қазанда үш жасар бала қаза болған еді.

Соңғы жаңалықтар