Алматыда тағы да өрт: Шымбұлақ, Медеу жолында дала өртеніп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Медеу ауданында тағы да дала өртеніп жатыр. Бұл жолы жалын Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолды шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Горельник лагерінің жанындағы құрғақ ши өртеніп жатыр. Оқиға орнына арнайы техника өрт сөндіру жасағы, құтқарушылар аттанды», - делінген қалалық ТЖД таратқан хабарламада.
Айта кету керек, 11 тамызда Көктөбе бөктерінде құрғақ ши өртенген болатын. Оны сөндіруге бірнеше тікұшақ жұмылдырылды.
Оқиға болған жерге көп ұзатпай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев келді.
Кейін арада бірнеше минут өткен соң сол аймаққа жақын жерде тағы бір өрт тұтанды. Бұл жолы тілсіз жау Диваев көшесіне жақын болды.
Қызыл жалын 1000 шаршы метр аумақты жалмаған. Сол жерден өрт сөндірушілер бір адамның денесін тауып алды.
- Алматының бірнеше шағын ауданында суық су болмайды
- Ураинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам қаза тапты
- Алматыда карантин режимін бұзғандарға 3,5 млн теңгеге айыппұл салынды
- Семейде екі жігіт зейнеткерді өрттен құтқарды
-
Солтүстік Қазақстанда із-түзсіз кеткен зейнеткердің денесі табылды
-
Қызылордада жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам