Алматыда тағы да қар жауады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы аумағында 21 ақпанға қараған түні қар жауып, қатқақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 20-сынан 21 ақпанға қараған түні қар жауып, аяз және көктайғақ болады. Ауа температурасы 21 ақпаннан бастап - 1-4 арасында суық болады. 25 ақпаннан бастап күн қайта жылынады.

Алматы әкімдігі қала аумағында құм шашатын 160 көлік құралының кезекшілік ететінін хабарлады. Қарды тазалауға 860 арнайы техника мен 2800 жұмысшы жұмылдырылады.

Қала әкімшілігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындарын абай болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар