Алматыда тағы да «бомба» іздестіріліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция «Тұмар» қонақ үйін қоршауға алды. Полиция ғимараттан жарылғыш зат іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір қаланың жедел қызмет өкілдері қонақ үй кешені мен пиццерия желісінде  арнайы тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бұл ғимаратта жарылғыш зат бар деген ақпарат келді.  Осындай жағдайда атқарылатын  істердің алгоритміне  сəйкес, ең алдымен тұрғындар мен қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді. Жақын арадағы көліктер де қашық жерге ауыстырылды. Полиция департаменті осы шараларға байланысты тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауын сұрайды»,- деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Əзірбек.

Айта кету керек, бұл соңғы екі күнде полицияға түскен үшінші хабарлама болып тұр. Кеше полиция түске дейін Шаляпин Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы пиццериядан жарылғыш зат іздеген болатын. Сосын түс ауа  полицияға Esentai mall сауда кешенінде жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келді. 

Екі хабарлама да жалған ақпарат болып шықты.

Полиция мұндай  бұзақылық үшін қылмыстық жаупкершілік қарастырылғанын ескертеді.  Айыбы дәлелденген жағдайда қылмыскер 6 жылға дейін бас бостандығынан  айрылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар