Алматыда тағы бірнеше көшеде ақылы автотұрақ пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірнеше ақылы автотұрақ пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«29 сәуірден бастап жаңа ақылы автотұрақтар жұмыс істей бастайды: Т.Молдағалиев көшесінің бойында Ақан Сері мен Стасов көшелерінің аралығында. Станкевич көшесінің бойымен Чернышевский мен Ж. Аймауытов көшелерінің аралығында. Чернышевский көшесінің бойымен Ақан Серы мен Станкевич көшелерінің аралығында «, - деді Aparking компаниясы.

Автотұрақ саны - 164, мүгедектерге арналған орындар саны - 8. Жаңа ақылы учаскелер Чернышевский көшесінен Шолохов көшесіне дейінгі Станкевичте қолданыстағы ақылы көшенің жалғасы болады.

«Т. Молдағалиев, Станкевич және Чернышевский көшелері экономикалық белсенді ауданда орналасқан. Мұнда сауда орталықтары, мемлекеттік мекемелер мен базарлар бар. Қала басшылығымен талқылаудан кейін бұл жерлерді ақылы ету туралы шешім қабылданды.

Негізгі мақсат - тұрақ орындарының бірнеше есе арттыру және барлық азаматтарға жалпыға ортақ қалалық кеңістікке тең құқықтар беру», - деп түсіндірді компаниядағылар.


Соңғы жаңалықтар