Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі жабылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шетелдік әйелдер қызмет еткен жезөкшелер үйі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы жынойнақ Алатау ауданындағы жер үйлердің бірінде болған.

«Түнгі 23.00 шамасында «жұмыс орнында» 19 келіншек бар болып шықты. Олардың екеуі Өзбекстан азаматы, екеуі Қырғыз елінен келген болып шықты. Жезөкшелер ордасын 47 жастағы Алматы облысының тумасы басқарып келген. Ол әкімші болып қызмет атқарған. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді», - деді қалалық ПД қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Айта кету керек, қала басшылығына келген Бақытжан Сағынтаев 1 шілдеден бастап полицияға қаланы жезөкшелерден тазалауды бұйырған болатын.

Содан бері құқық қорғаушылар профилактикалық шара өткізіп келеді.

Сейфуллин проспекті мен «Алматы-1» темір жол стансасы маңындағы жеңіл жүрісті кәсіп еткен тұлғаларды жоюға кіріскен.

«9 күнде 609 азамат ұсталды. Оның 433-і ақша үшін тәнін саудалап жүрген. 41 жүргізуші ұсталды. 250 адам әкімшілік жазаға тартылды. Жыныстық құлдықта болған екі әйел босатылды», - деді Е.Ысқақов.

Соңғы жаңалықтар