Алматыда тағы бір зейнеткер автобуста жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолаушы зейнеткер әйел №34 автобустан құлап түсіп жарақат алды. Бұл туралы қалалық Мобильділік басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Валентина Андрееваның айтуынша, ол №34 автобустан шығарда құлап қалған. Соның кесірінен жарақат алған.

«Аталған бағдарға қызмет көрсететін «АвтоТрансГаз» көлік компаниясы жолаушының емделуіне кететін медициналық шығынды өтеуге міндеттеме алды. Ал, оқиғаны полиция қазір тексеріп жатыр», - деді басқарма өкілдері.

«АвтоТрансГаз» басшылығы апта сайын жүргізушілердің жұмысы тексеріп, жол қауіпсіздігі күні өткізіледі деп сендірді.

Сәуір айында осындай тексеруден соң жол ережесін бұзған 2 жүргізуші жұмыстан қуылған, 4 жүргізушіге сөгіс жарияланған.

Айта кету керек, осыған ұқсас оқыс оқиға 6 мамырда болған еді. №405 автобус жүргізуші тежегішті күрт басқанда жолаушының бәрі зейнеткер Айжан Қарменованың үстіне құлаған. Соның кесірінен зейнеткердың аяғы сынған.

Соңғы жаңалықтар