Алматыда тағы бір адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласында коронавирус инфекциясын тағы бір адам жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Телеграм каналына сілтемемен хабарлайды.

«Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыз, сағат 13:30-дағы жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам — жалпы 57 науқас тіркелді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін таңертең елордада тағы 2 адам инфекция жұқтырғаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар