Алматыда тағы 7 адамнан коронавирус анықталды, науқастар саны 120-ға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан тағы 7 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

«27 наурыз сағат 07.50-дегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Алматы қаласында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында - 60 адам, Алматы қаласында – 47, Қарағанды облысында - 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында - 3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақмола облысында - 1 адам, жалпы 120 науқас тіркелді», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар