Алматыда тағы 37 көшеде жөндеу жұмыстары басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -20 сәуір күні қаланың 37 көшесінде жол жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін қала әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрап, бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Алатау ауданы: Б. Момышұлы Райымбектен Мөңке биге дейін, Мөңке би Б. Момышұлынан Мәмбетовке дейін.

Жетісу ауданы: Серіков, Ратушный, Омаров көшелері.

Әуезов ауданы: Ы.Алтынсарин даңғылы, О. Жандосов, Фуркат және Төле Би көшелері.

Алмалы ауданы: Бөгенбай батыр, Волховская, Верещагин, Мәулен, Панфилов көшелері.

Наурызбай ауданы: Ақбата, Сағдиев, Риязбеков, Т. Айбергенов, І. Жансүгіров, Аханов көшелері.

Медеу ауданы: Достық даңғылы, Горная, М.Төлебаев, Ш. Уәлиханов көшелері мен «Самал» ықшамауданы.

Түрксіб ауданы: Бартольд, Спасская, Некрасов, Клара Цеткин, Земнухова, Сортировочная көшелері.

Бостандық ауданы: Құсайынов, Лисянский, 20 линия, Радостовец, Тәжібаев, Шмелев көшелері.


Соңғы жаңалықтар