Алматыда тағы 3 базарды сүру туралы шешім шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 3 базарды сүру жөнінде шешім шықты. Бұл туралы журналистермен кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев мәлімдеді.

«Қалада жалпы алғанда 17 базар толық, ал 11 базар жартылай сүріледі. Алматыда тағы 3 базарды сүру жайлы шешім қабылданды. Қазір 6 базар толығымен сүрілді, екеуі бойынша тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, 2 базар жөнінде материал сотта қаралып жатыр», - деді ол.

Оның айтуынша, базар орнында болашақта кең жол мен көлік тұрағы пайда болады.

«1 мамырдан бастап Жетісу ауданындағы, 1 маусымда Алатау ауданындағы қызыл желіге шығып кеткен базарларды толық жоямыз. Жұмысты толық қадағалау үшін арнайы штаб құрылатын болады», - деді Болат Сауранбаев.

Соңғы жаңалықтар