Алматыда табыс салығын дер кезінде төлемеген 802 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда табыс салығын дер кезінде төлемеген 802 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 14,8 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР Салық заңнамасының талабына сай жұмыс беруші төленген еңбекақыдан табыс салығын 25 күннің ішінде аударуға міндетті.

«Табыс салығын заңда талап етілген уақытта төлемеген жеке кәсіпкерлер -шағын және орта бизнес субъектілеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлерге - заңды тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар