Алматыда сыбайлас жемқорлықты хабарлағандарға қанша сыйақы беріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаға берілетін сыйақы мөлшері қылмыстың түріне қарай беріледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті басшысы Ержан Ибрагимов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қатысты хабарламаға берілетін сыйақы қылмыстың түріне байланысты. Ол 96 200 теңгеден басталып 240 500 теңгеге дейін барады. Егер жеңіл қылмыс болса онда хабарлаушы 40 АЕК көлемінде, яғни 96200 теңге ала алады. Егер бұл орташа деңгейдегі қылмыс болатын болса 50 АЕК яғни 120 250 теңге, ал ауыр қылмыс түрін хабарлаған кісіге 70 АЕК көлемінде 168 350 теңге беріледі. Өте ауыр деген қылмыс туралы хабарлағанға 100 АЕК яғни 240 500 теңге беріледі»,-деді Ержан Ибрагимов.

Оның айтуынша, биыл Алматыда сыбайлас жемқорлық жөнінде хабар таратқандарға  900 мың теңгедей ақша жұмсалған. Ал былтыр 3 млн көлемінде ақша бөлінген.

Сондай-ақ спикердің айтуынша, биыл  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті мен 54 қылмыстық іс қозғалып, оның 40-ы сотқа жіберілген. 18 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Келтірілген залал көлемі 170 миллионды құрайды, оның барлығы қайтарылды. Бюро құзіретіне сыбайлас жемқорлыққа байланысты  құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау кіреді.  Біздің тарапымыздан  ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 200 бабын ұжымдық ортада түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл қылмыстың алдын алуға көмектеседі деген ойдамыз»,-деді Ержан Ибрагимов.

 

Соңғы жаңалықтар