Алматыда сүт безі ісігіне шалдыққан науқастарды түрік мамандары тегін қарауда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық онкологиялық орталықта сүт безіне және жатыр мойны ісігімен ауыратын науқастарды Түркиядан келген мамандар қарауда.

Бүгін орталықта Түркияның «Аджибадем» медициналық тобының мамандары -онколог-гинеколог, доцент Серкан Эрканлы мен хирург-маммолог, профессор МелихПаксой науқастарды тегін қабылдап жатыр. Олардың айтуынша, мұндай шара өзара тәжірибе және білім алмасуға ықпал етпек. «Біздің Қазақстанға келгендегі мақсатымыз - өзге елдің онкологиялық бағыттағы тәжірибесімен, заманауи медициналық әдіс-тәсілдерімен бөлісу. Менің ойымша, бұл шара Қазақстандағы онкологиялық науқастардың санын азайтып, ауруды алдын-ала анықтауда өз нәтижесін береді», - деді Серкан Эрканлы.

Соңғы жаңалықтар