Алматыда суши-бардағы «бомба» туралы ақпарат жалған болып шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының орталығында полиция қоршауға алынған жерге өрт сөндірушілер және жедел жәрдем жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құзырлы органдардың алдын ала таратқан мәліметіне сүйенсек, белгісіз біреу суши бар мен дүкен орналасқан №75 үйде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.   

«Мақатаев пен Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан суши-барда жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Жедел, оперативті қызмет өкілдері аталған орынды сүзіп шықты. Суши-бар келушілері мен қызметкерлері эвакуациаланды. Нәтижесінде, жарылғыш зат табылған жоқ», - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, тағы бір белгісіз адам Сүйінбай Баянауыл көшелерінің қиылысында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Алматы полициясы телефон арқылы жұртты үрейлендіріп жүрген күдіктіге іздеу жариялады. 

Соңғы жаңалықтар