Алматыда суррогат алкоголь өнімін дайындайтын 8 жасырын цех анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда алкогольдің заңсыз айналымы саласында 16 қылмысты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз айналымға түсетін суррогат алкоголь өнімдерінің негізгі бөлігі жасырын цехтарда, көбінесе антисанитария жағдайында әзірленеді.

2021 жылдың басынан бері агенттіктің Алматыдағы аумақтық департаменті спирт және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы саласында 16 қылмысты анықтап, суррогат алкоголь өнімін дайындайтын 8 астыртын цех қызметінің жолын кескен.

Заңсыз айналымнан барлығы 91 мың дана жалған акциз таңбалы - «Jack Daniel’s», «Jameson», «Казахстан», «Воздух», «Зерно», «Бульбаш», «Хортица» «Царская», «Финляндия» және т. б. алкоголь өнімінің танымал маркаларының 110 мыңнан астам бөтелкесі тәркіленді.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау таңбасы бар спирт ішімдіктерін дайындап, кейін Алматы қаласының сауда орындарында сатқаны үшін 23 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Б.Камалды қылмыстық жауапкершілікке тартты», делінген хабарламада.




Соңғы жаңалықтар