Алматыда суретшілердің республикалық симпозиумы басталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Жаңа Қазақстан. Жаңару» атты суретшілердің республикалық симпозиумы басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмеде Қазақстанның 14 өңірінен келген 20 суретшінің жұмысы келушілер назарына ұсынылды.

Оның әрқайсысы жоба барысында, өмір бойы суретшінің миссиясы мен қызметінің ерекшелігі туралы ой толғауын бөлісті.

Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің мәліметінше, әр кезеңнің суретшілері кескіндеме немесе графикалық массалармен жұмыс істейді.

Мысалы, Ренессанс суретшілері нәзік тәсілдерді қолданып, талғампаз атанған.


«ХХ ғасыр қылқаламға өзгеріс алып келді. Социалистік реализмнің шеңберінен шыққан қазіргі қазақстандық суретшілер көркемдік массамен айырықша жұмыс істейді. Олардың шығармаларында дала – жазықтық стилизациясы орын алған. Қазақ даласының көрнекі маңызды элементтерін, көшпенділердің философиясы мен құндылықтарын бейнелейтін графикалық белгілерді байқауға болады»,- деп атап өтті музей өкілдері.

Көрме 21 желтоқсанға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар