Алматыда суретші Никас Сафроновтың жеке көрмесі ашылды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі Никас Сафроновтың жеке шығармашылық көрмесі өтуде.

Келушілер назарына 140-тан астам туындылар қойылған. Олардың ішінде түрлі бағыттағы портрет пен пейзаж, «DreamVision» авторлық стиліндегі туындылар, символизм стиліндегі сюжеттік композициялық жұмыстар бар. «Мен өз жұмысыма толық көңілім толады деп айта алмаймын. Үнемі ізденіс қажет екенін білемін. Әлі де жетілдіре түсіру керек деген күмәнмен жұмыстарымды көрмеге қоюға қиналамын. Кейін тағы да экспрессионистік, символистік стильде тағы да көрмемді өткізуді жоспарлап отырмын», - деді суретші журналистермен кездесуі барысында. «Избранное» көрмелік жобасы бұған дейін Ресейдің көптеген қалаларында, Украина, Еуропа, Азияның біраз жерлерінде жүзеге асқан болатын. Келушілер суретшінің авторлық жұмыстарын 16 қарашаға дейін тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар