USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда суретші Ералы Оспанұлының екі кітабының тұсаукесері өтті

2021 жылғы 7 желтоқсан 23:45
Бөлісіңіз:
Алматыда суретші Ералы Оспанұлының екі кітабының тұсаукесері өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда суретші Ералы Оспанұлының «Қазақ халқының ою-өрнектерінің этнографиялық атласы» және «Қошетер – қазақ халқының қолөнері» кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Аталған еңбектерде график-суретші Ералы Оспанұлы қазақ халқының ұлттық өнерінің қалыптасу, өркендеу кезеңдерін зерттеуде сақтар, ғұндар, ежелгі түріктер, қыпшақтар мәдени-тарихын дәйек ете отырып, қазақтың – қырғыз, қарақалпақ, ноғай, түрікмен және басқа да халықтардың ою-өрнектерімен байланысы барын баяндайды.

«Автор өз еңбектерінде ұлттық бұйымның дәстүрлі нұсқасын, олардың өңделу, жасалу, көркемделу жолдарын сипаттайды. Автор, бұл ұсынып отырған альбом-кітабында тек суретші ғана емес, ол сондай-ақ этнограф, тарихшы, өнер зерттеуші, мәдениеттанушы, философ, лингвист ретінде жан-жақты зерттеген.

Ералы Оспанұлының бұл еңбектері барша оқырманның халықтық өнерге деген қызығушылығын арттырары хақ. Өйткені, автор кітаптарында о бастан дүниетанымнан туған ою-өрнектер туралы, қолөнермен байланысты аңыздар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді де баян етеді», - дейді Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының педагогика және жобалау қызметі бөлімінің жетекшісі Гүлнар Жұбаниязова.

Суретші Ералы Оспанұлы таныстыру рәсіміне ұсынған «Қазақ халқының ою-өрнектерінің этнографиялық атласы» атты еңбегінде көне дәуірден қалыптасқан ұлттық бұйымдарды (киіз, кесте, тоқыма, ағаш, тері, зергерлік, сәулет өнері) көркемдеуде қолданылған ою-өрнектердің пайда болуын, олардың түрлерін, нышанын, семантикалық мән-мағынасын терең зерделеп жазған.

«Бұл кітаптың ерекшелігі – автор алғаш рет 1000-нан асатам өрнек элементтері атауларының сәйкестендірілген толық тізбе кестесін келтіріп және күрделі композициядағы мотивтік үлгілерінің атауларын ғылыми тұрғыда анық көрсетіп отыр.

Ал «Қошетер – қазақ халқының қолөнері» альбом-кітапта автор ата-бабамыздың көшпенді өмір-тіршілігінің болмысын, рухани мәдениетін, дүниетанымын дәріптейтін ұлттық бұйымдардың барлық түрлерін қарастырған»,- дейді музей өкілі.

Сондай-ақ альбом бүгінде қазақ жеріндегі және елімізге алыс-жақын елдердегі мұражайларда сақтаулы тұрған қолмен жасаған құнды жәдігерлердің қайталанбас дәстүрлі үлгілерімен, дүкен ұстаған шеберлердің шығармашылығын дәріптейтін көне фотолармен толықтырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT