Алматыда супермаркет өртеніп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Қалқаман шағын ауданында Әшімов 13А мекенжайында орналасқан «Сабыржан» супермаркеті өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір әкімшілік ғимараттың шатыры лаулап жатыр.

«Қазір өрт жапсарлас ғимараттарға жайылмас үшін оның алды алынды. Өрт сөндірушілер ғимарат ішінде адамдар бар-жоғын барлап жатыр. Өрт сөндірушілерге тілсіз жауға қарсы бағана берілді. 50 литрлік 3 газ балоны сыртқа шығарылды», - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.




Соңғы жаңалықтар