+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Алматыда супермаркет азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

2021 жылғы 20 қаңтар 13:08
Бөлісіңіз:
Алматыда супермаркет азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда құзырлы органдар әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік бағасы негізсіз көтерілмеу үшін сауда үйлері мен базарлар, дүкендерді бақылап отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда тұрақтандыру қорында 3-6 айға жететін азық-түлік бар Жанармай бағасының қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер ете ме Елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қосымша 1,2 млрд теңге бөлінді

«Жүргізілген мониторинг нәтижесіне сәйкес, қалада «Carre Food» сауда желісіндегі азық-түлік бағасы негізсіз қымбаттаған. Мұндай жағдайда сауда нысаны әкімшісі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - деді Әуезов аудандық әкімдігінен.

2020 жылдың 1 желтоқсанынан қарақұмық жармасына 90 күнге 361 тг/кг (на 1,4%) шекті баға белгіленген. Сонымен қатар 30 желтосқаннан бастап қанттың 1 келісіне 30 күнге 254 теңге шекті баға белгіленген.

Аудандық әкімдіктер қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

«Мәселен, ірі сауда орындары жергілікті бюджет есебінен қарыз алып, белгілі бір уақытқа азық-түлік бағасын шекті бағада ұстап тұруға міндеттеледі. Біз өз кезегімізде баға бірден шарықтап кетпеуін қадағалаймыз. Сонымен қатар, ірі сауда орындарына арзан бағада жеткізетін жеткізушілер тізімінен алуды ұсынамыз», - деді әкімдіктен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT