Алматыда Sulpak дүкені алдындағы ағаштардың оталуына қатысты іс сотқа берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Sulpak дүкені алдындағы ағаштардың оталуына қатысты іс сотқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жанна Нұртаеваға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлімімен қозғалған қылмыстық іс өндіріске қабылданды», - деді сот қаулысында.

ҚР ҚК 339-бабы сирек кездесетін, жойылу алдында тұрған өсімдік түрлерін, жануарларды, олардың дериваттары мен мен бөлшектерін заңсыз пайдалану әрекеттерін қарастырады.

Басты сот талқылауы 19 наурызға Алмалы аудандық сотында белгіленген. Сот процесі ашық түрде өтеді. Айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы сол күйінде қалады.

Айта кету керек, 23 қарашада «Sulpak» сауда үйініңі алдындағы қарағаштар заңсыз оталған болатын. Кейінірек қалалық Жасыл экономика басқармасы мердігер компанияға айыппұл салды. Бұл дерек көпшіліктің наразылығын тудырды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айыптыларға қатысты қатаң жаза қолдануды тапсырған болатын.



Соңғы жаңалықтар