Алматыда судья пара алып жатқан жерінде ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда судья пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 2 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы мен ҚР Жоғарғы соты ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар нәтижесінде Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық сотының судьясы Андрей Штейнке 10 000 АҚШ долларын алу кезінде ұсталды», - деп хабарлады Жоғарғы сот.

Қазіргі таңда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар