Алматыда судья алаяқтық жасағаны үшін сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық сотының судьясы А.Штейнке 10 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алу кезінде алаяқтық және арандатушылық жасағаны үшін қалалық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының үкімімен 3,6 жылға сотталды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Аталған фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі қауіпсіздік және ҚР Жоғарғы Сотының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықтады.

Бұған дейін 23 шілдеде Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен А.Штейнке ақталған болатын.

Соңғы жаңалықтар