+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Алматыда субұрқақта тоқ соққан балаларды құтқарған жігіт іздестіріліп жатыр

2021 жылғы 20 маусым 13:37
Бөлісіңіз:
Алматыда субұрқақта тоқ соққан балаларды құтқарған жігіт іздестіріліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда субұрқақта ойнап жүрген балалар мен оларды құтқармақ болған әйелді тоқ соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы бассейнде балалар уланып қалды: Полиция қылмыстық іс қозғады Алматыдағы бассейнде балалар уланып қалды Оралда екі көлік соғылып, 3 адам ауруханаға түсті

Бұл туралы қала тұрғыны Үкілай Бестай атты желі қолданушы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Айтуынша, қарапайым фонтанның ішіне кірген адамдарды тоқ соғып, жақын маңдағы адамдар оларды аман алып қалған.

«Бүгін орталық цирк алдындағы фонтан жанында балмұздақ жеп, балалармен демалып отырғанбыз. Бір уақытта сол маңдағы кішкентай 2 қыз аяқ киімдерін шешіп, аяқтарын суға салмақшы болып отырғанын көрдім. Әп-сәтте байқамай қалдым, екі қыз ортадағы темірге қадалып қалды. Оларды шығарам деп анасы да сол темірге жабысып қалды. Дыбыстары да шықпай, серейіп қалғандарынан тоқ ұрғанын ұқтым», - деп жазды желі қолданушы.

Ол жанындағы адамдардан көмектесуді сұраған. Бірақ көбі жүрексініп, суға жақындамаған. Дегенмен Абылай есімді жас жігіт көмекке келіп, оны да тоқ соғып жатса да, мойымай адамдарды соңына дейін құтқарды.

Зардап шеккендер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

«Өзімнің жанымда кішкентай 5 бала бар еді. Қарбаласта Абылайдың толық аты-жөнін сұрамаппын. Мемлекет осындай өз өмірін қауіпке тіккен осы жігітті батырлығы үшін марапаттауы керек-ау. Бөлісіп, Абылайды тауып алайықшы»,- видео авторы әлеуметтік желіде Абылайға іздеу салады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT