Алматыда су тасқынынан келетін қауіп жоқ - «Қазселденқорғау» ММ аймақтық басқармасы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Медеу тау шатқалын тікұшақпен барлап қайтты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қала басшысы 17 шілдеде Талғар өзенінде болған селдің зардаптарын жою жұмысымен танысты. Бұл өзен Алматы қаласының ауызсу көздерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ Ахметжан Есімовке №6 және №13 көлдердің жағдайы мен Үлкен Алматы шатқалындағы жағдай жөнінде баяндалды. «Қазселденқорғау» ММ Алматы аймақтық эксплуатациялық-техникалық басқармасының директоры Талғат Тәжібаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Алматыға селден келетін қауіп жоқ. Қала әкімі Беделбай мен Батарейка өзендерінің селден қорғайтын құрылыстарын қадағалап, Медеу-Шымбұлақ аспалы жолының тіректері мен құлама жарларды бекіту жұмыстарымен танысты. Іссапар қорытындысы бойынша Ахметжан Есімов №6 және №13 көлдердің жағдайын бақылауды күшейтуді тапсырды. Көшпелі шараға Юрий Ильин және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар бойынша департаменті мен «Қазселденқорғау» ММ жетекшілері қатысты.

Соңғы жаңалықтар