Алматыда су тасқынынан келер қауіп жоқ - Қалалық ТЖД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында су тасқынынан келер қауіп жоқ. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында қалалық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Андрей Плеханов айтты.

«Бүгінгі таңда қалада су тасқыны, қар көшкіні мен сел жүруінен төніп тұрған қауіп жоқ. Жұмысқа аудандық, қалалық әкімдік пен мүдделі органдардың қызметкерлері жұмылдырылып отыр»,- деді Андрей Плеханов.

Оның айтуынша, Алматы маңында 5 мұздық, 5 мұзды көлі орналасқан. Олардың барлығы қазір мұз астында. «Қазір қаладағы температуралық режим мен су көтерілу режимі қатаң бақылауда. Қала аумағы бойынша жалпы ұзындығы 220,78 шақырым болатын 22 өзен өтеді. Өзен өзен және су қоймаларында барлығы 21 гидротехникалық құрылғылар орнатылған. Олардың 15-інің ахуалы қанағаттанарлық жағдайда, қалған құрылғыға биыл күрделі жөндеу жүргізіледі», - деп толықтырды ол. Былтыр қала әкімшілігі аймақтағы сел жүру, су тасқыны, қар көшкінінің алдын алу үшін 5,5 млрд теңге жұмсаған болатын. Биыл қаладағы 7 өзеннің жалпы ұзындығы 15,9 шақырым болатын жекелеген учаскелері қайта жаңғыртылып, оған 2,2 млрд теңге бөлінбек.

Соңғы жаңалықтар