Алматыда су тасқынын болдырмау үшін 450 шақырым арық тазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көктемгі су тасқыны мен қызыл судың жайылуының алдын алу үшін 450 шақырым арық тазартылып, 15 мың текше метр қар мен қоқыс қала сыртына шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қала басшылығының мәліміметіне сүйенсек, тазалық жұмыстарына 840 жұмысшы,140 арнайы техника тартылған. Қазіргі уақытта аудан әкімдіктері, құтқару қызметтері мен мердігерлік ұйымдары су тасқынына қарсы жергілікті жерлерде, көшелер мен аулаларда кезекшілік ұйымдастырған.

«Аудан әкімдіктері осы мәселеге қатысты белгіленген кесте бойынша жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде оңтүстік астанада 450 шақырым арық тазартылды,15 мың текше метр қар мен қоқыс сыртқа шығарылды. Тазарту жұмыстарына 840 жұмысшы,140 арнайы техника тартылған. Бұдан өзге 350 жол жұмысшысы, 30 самосвал және 7 тиегіш қосымша жұмыс істеуде. Су тасқынының алдын алу үшін тағы 673 адам, ТЖД мен Құтқару қызметі тарапынан 80 қызметкер іске кіріскен, қосымша 114 арнайы техника тартылып, 15 мың қап пен 10 мың текше метр құм дайындалды», делінген Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпаратында.

Айта кетейік, Алматыда судың тасқынының алдын алу үшін бірқатар кешенді шараларды атқарылды. Нақтырақ айтқанда, Алатау, Әуезов, Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында 30 шақырым арық желілері қайта жасалды, Есентай, Қимасар,Жарбұлақ өзендерінің жағалаулары нығайтылып, бекітілді. Бұлардан өзге, 6 өзен көпірі күрделі жөнделді.

«Биылғы жылы «Мыңжылқы» плотинасын қайта жасауды аяқтау жоспарланған. Қаланың 58 көшесінде 42 шақырым арық желісін қайта жасаудың жобалық сметалық құжаты әзірленуде. Жұмысты биылғы жылдың соңында толық бітіру белгіленген. Алматы қаласында 2018 жылдың су тасқыны кезінде қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін жеке құрамында 5, 5 мың адам жасақталған, сонымен қатар түрлі бағыттағы 1 716 техника, 12 қайық, 80 мотосорғы мен 101 автономды электростанса дайындалды», делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар