+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Алматыда су өшіріледі деп жалған ақпарат таратқан 54 жастағы әйел ұсталды

2020 жылғы 3 сәуір 20:00
Бөлісіңіз:
Алматыда су өшіріледі деп жалған ақпарат таратқан 54 жастағы әйел ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін 54 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалған хабарламаның мазмұны мынадай: «Қалалық сумен жабдықтау қызметі суды өшіреді, сондықтан ауыз суды көбірек алып қойыңыздар».

Өз кезегінде 54 жастағы әйел өз кінәсін мойындады.

«Х. есімді азаматшаның сөзіне қарағанда, ол халық арасында үрей туғызғысы келмеген, тек достарына ескерту жасамақ болған. Қандай болса да, оның телефоны арқылы ақпарат тарады, енді ол өзінің әрекеті үшін ҚР ҚК 274-бабы 4-тармағы бойынша жауап беруге мәжбүр болады. Жедел хабар алмасу арқылы жіберілетін ақпараттық мәліметтердің барлығы дерлік жалған. Қолданбалы қосымшаларыңыз болғандықтан, бұл сізде смартфон бар, демек, сіз ресми БАҚ-тағы жаңалықтарды көре аласыз дегенді білдіреді. Әдетте мұндай хабарламалар іс-шараның нақты уақытын, болатын күні мен жерін көрсетпейді. Содан кейін мұндай хабарламалар көрші елдерден де келетін жағдайлар болады. Азаматтар қандай да бір ақпараттық хабарлама жібермес бұрын, оның дұрыс-бұрыстығын тексеріп алуы керек. Елдегі төтенше жағдай кезінде біле тұра жалған ақпарат таратқаны үшін жеті жылға дейін қамау түріндегі жаза қолданылады. Әсіресе бұл хабарлама халық арасында дүрбелең туғызу мақсатында жіберілсе», – дейді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Бұған дейін «Алматы су» МКК 4 күн су берілмейді деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT