Алматыда су құбырындағы апаттың салдарынан көлік кептелісі пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әл-Фараби даңғылында бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі су құбырындағы апаттың салдарынан пайда болды. Бұл ақпаратты «Алматы су» холдингінің баспасөз хатшысы Серік Шағыров растады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең әл-Фараби даңғылында ұзақтығы бірнеше сағат пен бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі болды.

Апат таңғы сағат 8-дерде орын алған. «Нұрлы тау» кешенін сумен қамтитын жекеменшік су құбырының үлкен бұрамасы сынып кеткен.

«Қазір апат салдарынан әл-Фараби - Желтоқсан - Ганди - Фурманов көшелерінің шаршысында су тоқтатылды. Таңғы сегізден бері аталған учаскеде жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Түскі 3-ке дейін аталған учаскеде су болмайды», - деді Серік Шағыров.

Соңғы жаңалықтар