Алматыда су басу мәселесі жыл соңына дейін шешіледі

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жетісу ауданындағы жеке секторда, атап айтқанда, Жұмысшылар кентіндегі су басу мәселесі жыл соңына дейін түбегейлі шешіледі. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуінде Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көшелерді су басу мәселесіне келер болсақ, 16 мекенжайда ұзындығы 7,1 шақырым арық реконструкцияланды. Брюсов көшесіндегі үнемі су басатын аумақ толық жойылды. Қазір ұзындығы 7,2 шақырым арық желісін салу, 2,2 шақырым коллекторды қалпына келтіру және 2,5 шақырым Есентай каналында тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады»,- деді Ерболат Досаев.

Әкімнің айтуынша, келесі жылы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы ұзындығы 27 шақырым 27 учаскеде арық желілерін салуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін мектеп оқушысы жауынды күндері Алматы көшелерін су басу мәселесін шешетін «жасыл дренаж» жобасын әзірлеп, қала әкіміне ұсынған еді.


Соңғы жаңалықтар