Алматыда студентті өлтірді деген күдікті жасөспірім екі айға қамалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 18 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында Жаннұр Байқонысты өлтірді деген күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралды. «Ақсай» университет клиникасы бас дәрігері орынбасарының ұлын өлтіріп кеткені туралы ақпарат 14 тамыз күні жарияланған еді.

«Біз төбелесіп қалдық, ол кезде оны өлтіру ойымда болған жоқ. Ол тірі қалады деп ойладым», - деді сотта күдікті. Соттың шешімімен күдікті 2 айға қамау,а алынды.

«Қамауда ұстау мерзімі 14 тамыздан басталады», - деді судья Жарылғасова.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының («Адам өлтіру») 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар